Атап айтсақ, Ворошилов – Шәкәрім, Революционная – Қалихан Ысқақ, Орджоникидзе – Сағадат Нұрмағамбетов, Дзержинский – Әміре Қашаубаев, Октябрьская – Мұхамеджан Тынышпаев, Комсомол көшесі – Жастар болып өзгерді. Ал «Жастар» саябағына даңқты партизан Қасым Қайсеновтың есімі берілді.
Бұлар тек басты-бастылары ғана. Өскеменде бүгін барлығы 37 көше мен даңғыл және саябақтар жаңа атауға ие болды.
Сонымен бірге Семейде, Риддерде, Курчатовта және Жарма ауданында көшелер мен ауылдардың атаулары өзгертілді. Аталған өзгерістерді облыстық мәслихаттың депутаттары бірауыздан қолдап, дауыс берді.
– Бұрынғы кеңестік заманда басқа өмір, басқа заман болды және де үлкен қателіктер жібердік. Енді сол қателіктерді қайтадан қайталамауымыз керек. Соның бәрін ескере келе, біз облыстағы көшелердің атауларын ауыстырғанда көпұлтты мемлекет екендігімізге де басты назарды аудардық, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов сессияда.
Гүлбаршын САБАЕВА,
«Егемен Қазақстан»
Алматы